Мереке күні елордада Алаш тас жолында күрделі жөндеуден өтіп, жаңа көпір халықтың пайдалануына берілді. Сонымен қатар үй кезегінде тұрған азаматтар мен жұмыс істейтін жастарға, үлескерлерге пәтер кілттері табысталды. Осылайша елордалақтар мерекені үлкен қауанышпен қарсы алды.
Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік нысандар мен 100-ге жуық аула және қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы аяқталғанын айта кетуіміз керек.
Ал индустриялық паркте екі зауыт іске қосылып, елорданың экономикалық әлеуеміт арта түсті.
– Көпір апатты деп танылған еді. Көпірдің бір бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді, атап айтқанда жол өтпесінің апаттық бөлігін бөлшектелді. Жоба бойынша 140 метр көпір салынып, көпірдің екі жағынан 700 метрден асфальт төселді. Сондай-ақ, металл эстакаданың жүру бөлігі жөнделді, – дейді геодезия саласының маманы Алинұр Әбілмажан.