Бүгіннен бастап Астанада бірқатар ұйым жаңа кесте бойынша жұмыс істейді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр. Өзгеріс қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады.
"Қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады, Астана әкімдігінің қызметі де 7:30-да басталады. Кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысты 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.
Айта кетейік, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.