Бүгін Astana Hub-та «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен Brothers Ventures негізін қалаушы Даниил Либерманның қатысуымен ашық пікірталас өтті. Кездесу жаһандық технологиялық трендтер, Орталық Азияда өнімдерді құрып, кеңейту басымдықтары, жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа бизнес-модельдер, сондай-ақ әлемдік AI-экономикада стратегиялық хаб ретіндегі Қазақстанның рөлі талқыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сессия барысында спикерлер жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы мен олардың жаһандық нарыққа әсерін, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті ел ретіндегі әлеуетін сөз етті. Қазақстан бүгінде дамыған цифрлық инфрақұрылымды, қоғамның инновацияларды тез бейімдеуге дайындығын және халықаралық технологиялық командаларға тартымды болатын ортаға айналу мақсатын ұштастырып отырғаны атап өтілді. Қатысушылар есептеу қуатына қол жеткізу мәселесіне баса назар аударды.

«Бізді ақырындап Digital by default халқы деп атауға болады. Адамдар кез-келген цифрлық инновацияны бірден түсініп, жаппай қолдана бастайды. 2018 жылы елімізде күнделікті сауда-саттық кезінде тұрғындардың қолма-қол ақшадан гөрі, ақша аударымдарын жасауға бет бұрғанын көргенде цифрлық төңкеріс болғанын түсіндім. Бұл жетілген цифрлық мәдениеттің көрсеткіші», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.
Ағайынды Либермандар Даниэль мен Дэвид технологиялық кәсіпкерлер, әрі халықаралық деңгейдегі инвесторлар ретінде танымал. Олар ойын, медиа және технологиялық жобаларды құру үшін жұмыс істеді, АҚШ-тағы ірі компаниялармен ынтымақтастықта болып, Brothers Ventures қоры арқылы стартап экожүйесін белсенді түрде дамытуда. Либермандардың негізгі мақсаттарының бірі – технологияны тек ірі бизнес үшін ғана емес, барлығына қолжетімді және демократиялық ететін құралдарды жасау.

«Біз Калифорнияда болғанда жабық кеңістікте отырғандай, әлемдегі нақты ахуалды жете түсіне алмаймыз. Енді міне, Қазақстанда мемлекеттік қызметтерден бастап базалық цифрландыруға дейінгі көптеген процестер АҚШ-пен салыстырғанда алда тұрғанын көріп отырмын. Google, NVIDIA және Intel сияқты компанияларды қоспағанда, ел көптеген аспектілерде 50 жыл бұрын өмір сүреді. Әлемнің көптеген елдері қазірдің өзінде есептеу қуаттылығына үлкен көлемде қалай қол жеткізуге болады деп бас қатыруда. Мұндай ресурстарды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар адам бүкіл әлем пайдаланатын қолданбаларды жасай алады», - деп атап өтті Brothers Ventures негізін қалаушы Даниил Либерман.
Даниил Либерман Қазақстанға сапары аясында Astana Hub және Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына бас сұқты, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшылығымен кездесті, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ және «Самұрық-Қазына» қорының командаларымен техникалық сессиялар өткізді.
