Астана қаласының әкімдігі Кәрім Мәсімовке тиесілі болған особнякты коммуналдық меншікке қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Астана қаласы Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы қазіргі уақытта аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланбайтынын хабарлайды», – делінген ведомство жауабында.
Бұған дейін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы премьер-министр Карим Мәсімовтің Астанадағы үйі әкімдіктің сұранысынан кейін әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатынын хабарлаған еді.
Атап айтқанда, бұл үй Астанадағы Қараөткел шағын ауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. Ол бұрын 879 түрлі мүлікпен бірге аукционға қойылған. Тізімде жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекейлер, коллекциялық монеталар мен кәдесый қарулар бар.