"Аспан сити" сусыз отыр: тұрғындар Президенттен көмек сұрады

"Аспан сити" сусыз отыр: тұрғындар Президенттен көмек сұрады
видео кадры

Алматы облысындағы "Аспан сити" тұрғын үй кешенінің тұрғындары ыстық су өшірілуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс және аудан әкімдігіне, сондай-ақ, "Талғар Жылу" мекемесіне ұжымдық үндеу жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тұрғындардың айтуынша, 2025 жылы желтоқсанда жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған блокты-модуль қазандықта өрт шыққан. Салдарынан ғимарат пен негізгі жабдықтар зақымданған.

Алайда арада бірнеше ай өтсе де, қазандық толық қалпына келтірілмеген. Ал 2026 жылғы 23 мамырдан бастап тұрғындарға ыстық су беру толық тоқтатылған.

Үндеу авторлары Бесағаш ауылдық округі мен Талғар аудандық әкімдігі тарапынан мәселе қашан шешілетіні жөнінде нақты ақпарат берілмегенін айтты.

Тұрғындар жауапты органдардан қазандықты толық қалпына келтіріп, "Аспан Сити" тұрғын үй кешеніне шұғыл түрде ыстық су беруді талап етті.