Әскерилер Жолдауды талқылады

Dalanews 16 мам. 2018 10:52 900

«Санды Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы негізінде мемлекеттің барлық секторларының өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылғы 3 мамырда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасында «Мемлекеттік электрондық портал» атты дөңгелек үстел өткізілді.   



Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің аға маманы Бауыржан Жанатұлы Сейітов пен Іле ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Өсер Болысбайұлы Барлыбаев қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Отан аспанын қорғаушылар келген қонақтарға өздерін мазалайтын проблемалық сұрақтарын қойып, оларға кәсіби анық жауаптар алды. Сонымен, сұрақ-жауап түрінде өткізілген дөңгелек үстел өзінің мақсатын орындап, жағымды нәтижеге қол жеткізді.

 

Азамат Жағалбаев, ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің баспасөз-хатшысы майор

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар