Әскери бүлікке қатысы бар 754 күдікті тұтқындалды
Басфор бұғазыындағы көпірді жапқан әскери бүлікшілердің арасынан 50-ге жуық сарбаз билік жағына өтіп кеткен. Кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, билікті басып алуды 500 жуық офицер ұйымдастырғаны айтылуда.
Өз кезегінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған қолға түскен әскерилер заң бойынша қатаң жазаланатынын ескертті. Сондай-ақ, ол әскери бүлікке қатысы бар деген күдікпен 29 полковнигті қызметінен босатқан.