«Ашық аспан, төзім тілеймін!». Лукашенко Украина халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Dalanews 24 там. 2022 09:44 736

Бүгін Беларусь басшысы Александр Лукашенко Укриана халықын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бүгінде орын алған оқиғалар екі ел арасында ғасырлар бойы қалыптасқан байланысқа сызат түсірмейтінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Беларусьтің қолдаумен Ресей Укриана жеріне басып кіріп, жан аямай соғысып жатқанына алты айдың жүзі болды.

Соғыс басталған сәтте Лукашенко Путинді қолдап, беларусь жері арқылы окупанттардың Укрианаға шабуыл жасауына рұқсат берген болатын.

– Бүгінде орын алған қарсыласулар екі ел арасында ғасырлар бойы қалыптасқан байланысты үзе алмайтыны ақиқат, – деді Лукашенко өзінің құттықтауында.


Сонымен қатар ол украиндерге «ашық аспан, төзімділік, күш-қуат және жаңа өмірге сәтті қадам басуды» тілейтінін де айтты.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар