Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда вице-президент қызметі енгізілуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, бұл мәселе жаңа Парламент - Құрылтай жасақталғаннан кейін қаралады.
"Жаңа Конституцияға сәйкес вице-президентті Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды", - деді ол.
Мәулен Әшімбаев бұл шешім Мемлекет басшысының құзыретіне жататынын атап өтті. Оның сөзінше, барлық рәсім Конституцияда нақты көрсетілген және тиісті шешімді Президент қабылдайды.
