Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
gov.kz

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ол 2025 жылы ақпанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін бірқатар жоғары лауазымды қызмет атқарған.