Асанәлі Әшімовтің жары асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)

Асанәлі Әшімовтің жары асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ өнерінің абызына арналған күнделік кітап туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол оқырмандарға актердің өмір жолын, өнерге деген көзқарасын және ішкі толғанысын тереңірек түсіну үшін осы еңбекті оқуға кеңес берді.

"Асанәлі Әшімұлымен сырласқыңыз келсе, оның жүрегін не толғандырғанын, өмір мен өнер туралы ойларын білгіңіз келсе, күнделік кітабын оқыңыздар. Бұл кітаптан сіз тек актердің ғана емес, тұтас бір дәуірдің тынысын, өнер адамының ішкі әлемін, өмірлік ұстанымдарын таба аласыздар", – деп жазды Бағдат Әшімова.

Сондай-ақ ол кітапты Kaspi Магазин арқылы сатып алуға болатынын атап өтті.

Бағдат Әшімованың айтуынша, бұл еңбек Асанәлі Әшімовтің шығармашылық ғұмырын ғана емес, оның адамдық болмысын, өмірге көзқарасын және өнерге адалдығын танытатын құнды дүние.

Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы пікір білдіріп, қазақ өнерінің алып тұлғасының күнделіктері оқырман үшін маңызды рухани мұра екенін жазды.