Арзан көлік сатамын деп жұртты алдаған алаяқ Түркияда ұсталды

Сағыныш Сардарова 08 қыр. 2025 10:06

Шымкентте арзан көлік сатамын деп жұртты алдаған алаяқ Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ол 2023 жылы Шымкент қаласында басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, интернетте нарықтағы бағадан төмен бағамен көлік сатылады деген жалған хабарландырулар жариялаған.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 млн теңгеден аса қаражатынан айырылды.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынғанына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланып, биыл тамызда Түркия аумағында ұсталды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар