Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі оқыс жағдайға қатысты пікір білдірді

Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі оқыс жағдайға қатысты пікір білдірді
видео кадры

19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенген. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өрт салдарынан бұған дейін жоюға дайындалған оқ-дәрі бөлшегі атылған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, нысандарға да зақым келмеген.

"Қазір жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желіде тараған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге сүйенуге шақырды.