Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында қураған шөп өртеніп, жоюға дайын тұрған оқ-дәрінің бір бөлігі жарылған. Бұл туралы Шымкент гарнизоны мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Олардың хабарлауынша, сәрсенбі күні сағат 19:00 шамасында әскери бөлімнің техникалық аумағында қураған шөп өртенген.
"Салдарынан жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі бөлшегі жарылған. Зардап шеккендер жоқ, нысандарға зақым келген жоқ", - деп хабарлады Шымкент гарнизоны.
Ведомство өрттің толық сөндірілгенін және жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.