Арқалықтағы су қоймасынан бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтап жатыр.
Сондай-ақ полиция тұрғындарды расталмаған ақпарат таратпауға шақырып, тек ресми дереккөздерге сенуге үндеді.
Ал жергілікті пабликтер мен әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі болжам талқылануда. Желідегі қолданушылар бойжеткен өліміне байланысты зорлық көрсету және өзге де нұсқаларды алға тартып жатыр.