Арыста Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Dalanews 02 қыр. 2021 17:38 858

Арыс қаласында жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Ғибадатхананы салу үшін жергілікті кәсіпкер жеке иелігіндегі жер телімін сыйға тартып, сауапты іске қолдау көрсеткен, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында құрылысы басталған мешіт қаланың бас қақпасы саналатын «Дендросаябақтың» алдынан бой көтереді.

– Бұл мешіт имандылықтың темірқазығына айналып, халқымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін, – деді мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова



Мешіт дәртүрлі ислам үлгісінде, заман талабына сай салынатын қос мұнаралы мешітте бір мезетте 1 500 адам құлшылық ете алады. Одан бөлек, мешіт ауласында 50 автокөлікке арналған автотұрақ болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар