Аталған акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында өтті.
Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерімен таныстыру және халыққа сапалы қызмет көрсетудің тәсілдерін үйрету.
Акция аясында Мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша электрондық қызметтерді насихаттап, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді.
Естеріңізге салсақ, бұдан алдын мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына Департаменттің бір күндік жұмысымен таныстыру және мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндік ұсыну мақсатында Департаментпен Ашық есік күні ұйымдастырылған болатын. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі