"Аренда өте қымбат". Желі белсендісі бизнеске қолбайлау болып отырған ең басты факторды айтты

Көркем Алдабергенова 17 нау. 2025 12:05 212

Белгілі сарапшы Шынар Құрманғали Қазақстанда бизнес жасау неге қиын екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшының сөзінше, елде жалға алу құны өте қымбат. Әсіресе, сауда орталықтарында (ТРЦ) кәсіп бастау оңай емес.

Бағалар:

Кәдімгі сауда орталығында 1 м² 15 000 – 20 000 теңге.

Хан Шатыр мен Mega- да 1 м² – 100$ (45 000 теңге). Оған қоса, 2-3 айлық депозит төлеу керек.

Мысалы, Mega Silk Way- дан 100 м² бутик алсаңыз:

15 млн теңге – депозит.

5 млн теңге – ай сайынғы аренда.

Барлығы 20 млн теңге – тек кіріп алу үшін.

Ал бұдан бөлек:

Жөндеу жұмыстары – 10 млн теңге.

Жиһаз – 8-9 млн теңге.

Тауар кіргізу – 20-30 млн теңге.

"Енді есептеңіз, кішігірім дүкен ашу үшін 50-60 млн теңге керек. Ал оның қай уақытта өтелетіні құдай біледі. Өтелмеуі де мүмкін. Көп сауда орталығына жалға алушыларды ұзақ ұстап қалуға мүдделі емес. Себебі олар үшін көбірек адам кіріп, көбірек депозит төлегені тиімді. Біреу кірді – 2-3 айлық депозитін төлейді, біраздан соң кетеді, орнына жаңа адам келеді – тағы депозит. Осылай ауадан ақша жасап отырады", дейді сарапшы. 

Бұдан бөлек:

Табыстан пайыз алады – мысалы, “Mega” қосымша табысыңнан үлес сұрайды. Маркетинг деп м² үшін 1000 теңгеден тағы қосады. Коммуналдық қызмет, басқа да төлемдерді үстінен жапсыра береді.

Жергілікті кәсіпкерлер қиналады, ал шетелдіктерге жеңілдік жасалады

Ал енді қызығы – Zara, Waikiki сияқты брендтерге арзан бағамен береді. Оларды жалынып шақырады. Оларға 1 м² 5000 теңгеден, ал өзіміздің кәсіпкерлерге 15 000 – 45 000 теңге.

Осыдан кейін қалай әділдік бар дей аламыз? Біздің елде кәсіп бастау қиын емес, оны жүргізу қиын. Кәсіпкерлерге қолдау жоқ, керісінше, барынша қинап, мүмкіндігін шектеп тастаған.

"Ал жалға берушілер ойларына келген бағаны қояды. Олар ешкімге бағынбайды", дейді сарапшы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар