Әр азамат мемлекеттік рәміздерді біліп, құрметтеуі міндет!

Dalanews 30 қаң. 2024 20:22 1769


2007 жылғы Қазақстан заңына бойынша Әнұран, Ту, Елтаңбамыз мемлекеттік рәміздерімізге кіреді. Оны барлық қазақстандықтар жақсы біледі. Алдағы уақытта мұны оқу бағдарламасына да кіргізу керек. Әр оқушы мағынасын жатқа білуі шарт. Өйткені отанымыз қастерлейтін рәмізі болып табылады.


Рәміздің ішінде көбіне Әнұранымыз шетелде спорттағы жетістіктерде шырқалып жүр. Сондықтан Әнұранды мектептерде ұлттық идеология ретінде оқушылардың бойына сіңіру маңызды. Ол – біздің аса жоғары қол жетпес, құнды рәміздеріміз.


Білім министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп, жастардың патриоттық сезімін ұштау маңызды. Егер мұны білмесе жастарымыз Отан мен елді қалай қорғайды?


Бүгінде жастар тәуелсіздігіміз қалай келді, бабаларымыздың жеріміздің қорғаған ерлігін білуі тиіс.


Жалпы рәміздерді оқушылардың біреуі білсе, бірі білмейді. Оған жақында ғана әзірленген сауалнама дәлел.



Сауалнамаға қатысушылардың 70% елтаңбамыздың бейнесіндегі жекелеген элементтерінің мән-мағынасын түсінбейтіндерін ашық айтқан. Бұл дегеніміз ұят дүние!



Бұл ретте мемлекетіміздің рәміздері осы жылдар ішінде өз миссиясын орындай алмағаны ма деген де ой келеді. Сол себепті алдағы уақытта мемлекеттік рәміздерді насихаттап, оның әр деталіне мән беріміз керек.


Рәміздердің дәрежесі мен құндылығы Конституциямызбен де бекітілген. Тәуелсіз мемлекеттің Туы болады. Қазір туымызды балкондарға іліп қоюға да рұқсат берілген. Бұрын ілінсе, әкімшілік айыппұл салынатын. Қазір заңға да өзгеріс енгізіліп, әр азамат туды қастерлеу керек екенін ескеріп, балкондарға да ілуге рұқсат берді.


Мұндағы мақсат кез келген жас тәуелсіз мемлекетіміздің туын біліп өссін, ұлт ретінде құрмет тұтсын деген ой жатыр.  Мемлекеттің рәміздердің мектептерде де оқытып, оқулықтарға кіргізу керек.


Өкінішке орай, біздер осы құндылықтарымызды Рәміздер күні ғана еске алып, сол күні ғана сұқбаттар жүргізеді. Негізі бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүруі шарт.


Қоса кететінім, рәміздерді насихаттау жұмыстары тек қана мектеп оқушылары емес, мемлекеттік органдар, компанияларда да жүзеге асыруы тиіс. Өйткені кейбір шенеуніктер Әнұранның авторын да білмейді. Осының бәрін мектептен бастап бойға сіңіруідің маңызы зор.


Бүгінде шенеуніктердің Әнұранды білмей абдырап қалғанын көріп жүрміз.  Сондықтан аттестацияға осы сұрақтардың бәрін қосу керек деп ойлаймын. Былайша қарап отырсақ, әр адам білуге міндетті!


Әлімжан ЖҰБАТҚАНОВ, адвокат.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар