Ақтөбедегі газ құю станциясында жарылыс болды

Сағыныш Сардарова 03 нау. 2026 09:39

Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ ауа қоспасы жанып, салдарынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа тараған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖД күштері оқиға орнына қысқа уақытта жеткен. Өртсөндірушілер қауіпті жағдайда жұмыс істеп, жарылыстардың алдын алып, жалын одан әрі тарауына жол бермеген.

Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілген.

"Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 техникасы жұмылдырылды", - деді ТЖМ өкілдері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove