Ақтөбеде тұрғын үй ауласындағы футбол алаңында балаға қақпа құлап кеткен

Ақтөбеде тұрғын үй ауласындағы футбол алаңында балаға қақпа құлап кеткен
aktobe_zello

Ақтөбеде тұрғын үй ауласындағы футбол алаңында балаға қақпа құлап кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 12-шағынаудандағы №45 үйдің маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, футбол қақпасы бекітілмегендіктен, бір сәтте құлап, баланы басып қалған. Оқыс оқиғадан кейін бала ауруханаға жеткізілген.

Бұл дерек бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары футбол алаңын орнатуға, оған қызмет көрсетуге кім жауапты болғанын анықтап жатыр.