Ақтөбеге қарасты Ырғыз ауданы Нұра ауылында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жаңа фельдшерлік-акушерлік дәрігерлік пункті ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ашылу салтанатына Ырғыз ауданы прокуроры мен әкімі, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Шара барысында бұл нысанның ауыл халқы үшін маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты қадамы екені жеткізілді.
Аталған әлеуметтік маңызы бар нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
