Ақтөбеде жас мұғалім өз үйінде өлі күйінде табылған

Көркем Алдабергенова 17 сәу. 2025 10:42 549

Ақтөбеде жақында ғана ұстаздар арасындағы байқауда жүлдегер атанған жас педагог Намазбай Темірлан өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Dalanews.kz Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оқиғаның нақты себебін қазір тергеу органдары анықтап жатыр.

25 жастағы музыка пәнінің мұғалімі өз үйінде өлі күйінде табылған. Оны алғашқылардың бірі болып көрген жақындары мен тәртіп сақшылары жағдайдың мән-жайын әлі анықтауда.

Темірлан бұрын Шалқар ауданына қарасты Қаратоғай орта мектебінде жұмыс істеген. Әріптестері оны жауапкершілігі жоғары, шәкірттеріне жанашыр, өз ісіне адал маман ретінде сипаттайды.

Шалқар аудандық білім бөлімі мен Қаратоғай мектебі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында Темірланның жетістіктерін жиі бөлісіп отырған. Жас ұстаздың соңғы жетістіктерінің бірі – дарынды балалармен жұмыс істейтін тәлімгер-педагогтер арасындағы облыстық байқауда 2-орын иеленуі болған.

Алайда бұл қайғылы жағдайға байланысты әзірге аудандық немесе облыстық білім басқармалары ресми мәлімдеме жасаған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар