Ақтөбеде әкімшілік ғимараттың шатырында өрт шықты

Самал Асқар 07 сәу. 2026 21:14

Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында өрт шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Dala News.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген сәтте ашық жану анықталған. Өрт сөндірушілер жоғары шақырту рангы бойынша жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Ведомствоның дерегіне сәйкес, оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары бес минут ішінде жеткен. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт сөндіру оқпандары берілгені, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілгені хабарланды.

Сондай-ақ адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатқаны, оқиға орнында жедел штаб құрылғаны нақтыланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өрттің аумағы анықталып жатқаны айтылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove