Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып көз жұмды

Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып көз жұмды
Ашық дереккөз

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Аққұм ауылында еріген қар суы жиналған орға шомылуға түскен жасөспірім суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілде күні кешке болған. Жасөспірім шомылуға арналмаған орында суға түсіп, қайта шыға алмай қалған.

Оның денесін құтқарушылар 23 шілде күні таңертең судан алып шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде шомылған. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жабдықталмаған су айдындарында шомылмауға және балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға шақырды.