Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында қатты жел салдарынан темір байланыс мұнарасы бір қабатты дүкеннің үстіне құлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Қатты желден өңірдегі тағы бірнеше нысан зақымданған.
Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Сонымен қатар, аудан орталығында электр жарығы мен ұялы байланыс қызметін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тексеріс қорытындысына сәйкес жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау мәселесі қаралады.