Ақтөбе облысындағы шахтада төтенше жағдай болды: зардап шеккендер бар

Көркем Алдабергенова 27 мам. 2025 12:44

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан Доңғар байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

26 мамыр күні сағат 22:30 шамасында шахтаның өндірістік блогында ауа қоспасының қысқа мерзімді тұтануы тіркелген. Оқиға салдарынан үш қызметкер жарақат алды.

"Қазхром" компаниясының мәліметінше,"Болашақ" шахтасының өндірістік блогында ауа ортасының қысқа уақытқа жануы болды.

"Сол сәтте жабдық орнатып жатқан үш кезекші электрслесарь беті мен қолының күйік жарақаттарын алды", – делінген "ТНК "Қазхром" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккендер шұғыл түрде Хромтау орталық ауруханасына жеткізілген. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Кәсіпорын басшылығы дәрігерлермен және зардап шеккендердің туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар