Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Сағыныш Сардарова 23 қаз. 2025 11:16

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Медициналық мекемеге жеткізілген бес адамның үшеуінің жағдайы ауыр, екеуі орташа. Бір адам ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Жарақат алғандар Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді", - деді облыс әкімдігі өкілдері.

Облыс әкімі Асхат Шахаров жол апаты болған жерге шыққан.

Айта кетейік, оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар