5 маусымда сағат 15:00 шамасында Ақтөбе-Орск тасжолында, Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында жол апаты болды. Toyota Alphard көлігі аударылып қалған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.
"Көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Орск қаласына жолаушыларды ресми тасымалдағаны және жол апатынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол апатының алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізгені анықталды. Соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.