Ақтөбе облысында ірі қара малға бөлінген 1 млрд ұрланған

Көркем Алдабергенова 05 қыр. 2024 09:22 2630

Ақтөбе облысында аграрлық-өнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған, - деп хабарлайды Dalanews.kz ҚМА-ға сілтеп. 

"Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілері анықталған. 

Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш адам анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. 

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар