Ақтөбе облысы прокуроры қызметінен босатылды

Қаракөз Амантай 19 қар. 2024 15:18 0

Ақтөбе облысы прокуроры Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы президентінің келісімі негізінде Бас прокурордың 2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Халидолла Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар