Freedom Inside '26

Ақтөбе маңынан дрон бөлшектері табылды

Ақтөбе маңынан дрон бөлшектері табылды
Syrmedia

Ақтөбе облысында Әлімбет ауылының маңына ұшқышсыз аппарат құлаған. Оның бөлшектері елді мекеннен шамамен 2,5 шақырым жерден табылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аппарат бүгін таңғы сағат 08:30 шамасында далаға құлаған. Оқиғадан кейін полиция тексеріс жұмыстарын бастады.

Қазір оқиға орнында уәкілетті органдар жұмыс істеп жатыр. Мамандар құлаған нысанның не екенін және қайдан келгенін анықтап жатыр.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті нысан елді мекеннен тыс жерден табылғанын хабарлады. 

Айта кетейік, Әлімбет ауылы Қарғалы ауданында, Ресей шекарасына жақын маңда орналасқан.