"Ақтөбе" футбол клубының басшылығы ақша жымқырған болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 26 там. 2024 09:49 2477

"Ақтөбе" футбол клубының басшылығы чартерлік рейстер арқылы ақша жымқырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы "Серый CARDINAL" телеграм арнасы жазды. Ондағы мәлімет бойынша, тәртіп сақшылары "Ақтөбе" футбол клубының 2023 жылдағы чартерлік рейстеріне қатысты тексеріс жүргізуі мүмкін.  

Сергей Куленко (футбол клубын басқарған) жұмыс істеген кезде, 2023 жылы жазда кейбір лауазымды қызметкерлер тексеруші органның мәліметінше, чартерлік рейстермен өте қымбат бағаға ұшып жүрген.

Мемлекеттік аудит департаментінің мәліметінше, осылайша 165 миллион теңге жымқырылған болуы мүмкін. Қазіргі таңда іс антикорға жіберілген көрінеді. 

Егер "Ақтөбе" футбол клубында басшылық қызметте отырғандардың кінәсі дәлелденсе олар 7-12 жыл аралығына сотталуы мүмкін.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар