Ақтаудан Ыстамбұлға әуе рейстері қайта іске қосылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақтаудан алғашқы рейс 2026 жылғы 22 қазанда орындалады. Ал 27 қазаннан бастап әуе қатынасы тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.
Рейстер жергілікті уақыт бойынша мына кестемен орындалады:
Сейсенбі: Ақтаудан ұшақ 08:40-та ұшады, Ыстамбұлдан кері рейс 11:40-та орындалады.
Сенбі: Ақтаудан ұшу уақыты – 08:35, Ыстамбұлдан кері рейс – 11:15.