Freedom Inside '26

Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан 20 жастағы мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан 20 жастағы мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
pixabay.com

Ақтауда 24 маусым күні жеңіл көлік пен мотоциклдің соқтығысуынан 20 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы жол апаты 3 және 1-шағынаудандардың арасындағы жолда болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, «ВАЗ» маркалы автокөлік пен мотоцикл соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырған.

Өңірлік полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеңіл көлік айып тұрағына қойылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.