Ақшұқыр ауылының тұрғындары көше бойында үйіліп жатқан қоқысты видеоға түсіріп, полицияға мәлімдеген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қалдықтарды тексеру барысында дүкеннен жасалған сауданың түбіртегін тапқан, деп хабарлайды dalanews.kz.
Lads.kz мәліметінше, осы айғақтың көмегімен қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастаған тұрғынның кім екені анықталған.
Әйелге заң талаптарын бұзғаны үшін 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, мұндай әрекетті енді қайталамайтынын айтты.