Ақтауда жылу құбырында болған апатты жою жұмыстары басталды

Dalanews 10 жел. 2023 16:12 362

Апат орында «Каспий жылу, су арнасы» МКК мамандары жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шаһар басшысы Ұлықбек Тналиев мәселені өзі бақылауда ұстауда, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі ақау табылған құбырды жаңасына ауыстырылып жатқанын жеткізді.

- «КЖСА» мекемесінің қызметкерлері ақау шыққан құбырды анықтады. Жаңа құбырды әкелдік, қазір соны ескісінің орнына ауыстырамыз. Сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін үлкен ризашылығымды білдіремін.

«КЖСА» мекемесінің қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Себебі, мамандар уақытпен санаспай тұрғындарға тез жылу беру мақсатында қызу жұмыстар жүргізуде. Құбырды ауыстырғаннан кейін жылу беріліп бастайды, - деді қала әкімі.

[video width="464" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2023/12/VID-20231210-WA01131.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар