Ақтауда ерекше баланың анасы ұлына күш көрсетілгенін айтып, үндеу жасады

Сағыныш Сардарова 12 нау. 2026 16:19

Ақтауда ерекше баланың анасы ұлына күш көрсетілгенін айтып, үндеу жасады. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ақтауда ерекше бала тәрбиелеп отырған әйел ұлының денесінен бірнеше рет көгерген ізді байқап, түзету орталығындағы бейнежазбаларды қарап шыққан. Сол кезде ол жаттықтырушы баланы ұрып-соғып, қорлаған сәттері түсірілген кадрларды көрген", - деп жазылған желіде тараған видео жазбасында.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, жеке түзету орталықтарының бірінде балалардың құқығы бұзылуына қатысты екі дерек анықталған, бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, бейнематериалдар тәркіленіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

"Білім басқармасы мен өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл орталыққа барып қайтты. Қазір бұл мекеме жабық", - деп жазылған хабарламада.

Мәселе комитет бақылауында, ал балалар үйлерінде, жағдайы тұрақты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove