Ақтауда екі шетелдік асқазанына есірткі жасырып өтпек болған

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2024 11:27 1425

Ақтауда екі шетелдік асқазанына есіркті жасырып өтпек болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 21 ақпанда Ақтаудағы халықаралық әуежайда болған.

Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.

Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды.

Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.      


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар