Ақтауда әкесі ішімдік әкелуден бас тартқан 16 жастағы қызын соққыға жыққан

Ақтауда әкесі ішімдік әкелуден бас тартқан 16 жастағы қызын соққыға жыққан
Фото: ЖИ

Ақтауда ер адам ішімдік сатып әкелуден бас тартқан 16 жастағы қызын ұрып-соққан. Бұл туралы құқық қорғаушылар мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Олардың дерегінше, жасөспірімнің анасы да шамамен 20 жыл бойы күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келген.

Оқиғадан кейін полиция ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, қорғау нұсқамасын шығарған. Сондай-ақ отбасы профилактикалық есепке алынып, қыздың алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Құқық қорғаушылар бұл жағдай бойынша әкімшілік шарамен шектелмей, қылмыстық іс қозғау қажет деп санайды.