Freedom компаниялар тобы қаржыландыратын жобаның жалпы құны 2,12 млрд теңгені құрайды.
Ақтау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан ауыз сумен жабдықтау нысандарының ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен «Freedom Holding Corp» бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты.
Ақтау қаласындағы тұшыту зауытынан ЦУВС-4 (орталық сумен жабдықтау торабы) дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін салу және монтаждау жұмыстарын Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Каспий Жылу, су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізді. Қазіргі уақытта «КЖСА» МКК тарапынан нысандар су жеткізуге 100% дайын.
Бұл жоба 2022 жылдың қазан айында Маңғыстау облысының әкімдігімен Freedom компаниялар тобының меморандумға қол қоюы шеңберінде жүзеге асырылды. Бастама «Дамыған өңірлер-елді алға шығарушы драйвер»ұлттық бағдарламасын қолдау шеңберінде, азаматтардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көлік байланысын жақсарту мақсатында жүзеге асырылған.
- Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды нысандардың бірі - Ақтау қаласында және Түпқарағандағы кейбір ауылдарда ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін жаңа сорғы станциясы және сумен жабдықтау желісінің ашылуы. Соңғы жылдары су тапшылығы Маңғыстау облысы үшін өте өзекті мәселе. Облыс әкімдігі осы мәселені шешу бойынша тұшыту зауыттары салынуда, жұмыс істеп тұрған зауыттардың қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірнеше жыл ішінде су тапшылығы мәселесін толық шешу күтілуде. Бүгінгі таңда тұшыту зауытынан ЦУВС-4-ке дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желісінің ашылуы мәселені шешу бойынша қабылданып жатқан шаралардың бір мысалы болып табылады. Жобаны Freedom компаниялар тобы толығымен қаржыландырды. Сол үшін облыс тұрғындарының атынан зор алғыс білдіремін, - деді Нұрлан Ноғаев.
Екі су құбыры желісінің әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан асады, ал сорғы станциясының қуаттылығы тәулігіне 20 000 м3 құрайды. Салынған су құбыры арқылы Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарының тұрғындарын, сондай-ақ Ақтау қаласы тұрғындарының бір бөлігін үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
- Өткен жылы Маңғыстау облысының әкімімен кездесу барысында біз өңірдің шұғыл әрекет етуді талап ететін мәселелерін талқыладық. Сондықтан осы үлкен жобаны іске асыруды бастадық, нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Бұл жоба бизнес пен мемлекеттің серіктестігінің арқасында Ақтау мен қала маңындағы ауылдардың жүздеген мың тұрғындары үшін сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аймақ үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар үлкен жобаны жасау үшін бізге бір жылдан аз уақыт қажет болды. Бұл бірігіп жұмыс атқарудың нәтиежесінде ауқымды мәселелерді тез әрі сапалы шеше алатынымызды, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін үлес қосатынымызды білдіреді, - деді «Freedom Holding Corp» бас атқарушы директоры Тимур Турлов.