АҚШ-та заңсыз жүрген қазақтарға елге қайту үшін мың доллардан беріледі

Сағыныш Сардарова 21 мам. 2025 11:46

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақтарға елге қайту үшін мың доллардан беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

10 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы жарлыққа қол қойып, заңсыз мигранттар үшін елден ерікті түрде шығуға арналған бағдарлама іске қосылғанын мәлімдеді.

Бұл бастама аясында АҚШ аумағындағы заңсыз мигранттар, соның ішінде қазақстандықтар да арнайы CBP Home атты мобильді қосымша арқылы билеттерін алдын ала брондап, тегін ұшуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мигранттарға $1000 көлемінде қаржылай сыйақы қарастырылған.

"Бүгін Америка тарихындағы алғашқы өз еркімен депортациялау бағдарламасын бастау туралы жарлыққа қол қойдым. Кез келген адам жай ғана әуежайға келіп, тегін билет ала алады", — деді Трамп Truth Social желісінде.

Бұл бағдарлама арқылы елге қалай қайту керек екені жөнінде және толық ережесімен AҚШ-тің ішкі қауіпсіздік департаментінің сайтында танысуға болады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар