АҚШ Венесуэладан мұнай тасымалдаумен байланысы бар, Ресей Федерациясының туы астында жүзген мұнай танкерін өз бақылауына алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
БАҚ мәліметінше, америкалық күштер кемені шамамен екі апта бойы аңдып, содан кейін ғана оны басып алу операциясын жүзеге асырған.
Бұл жағдайдың ерекше назар аудартатын тұсы – танкердің маңында Ресейдің әскери кемесі мен суасты қайығы болғанына қарамастан, олар ешқандай әрекетке бармай, сырттай бақылаумен ғана шектелген.
Бұл оқиға АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар бұл Кремль мен оның одақтастары санкцияларды айналып өту және өз режимдерін қаржыландыру үшін пайдаланатын мұнайды көлеңкелі тасымалдау схемаларына жасалған кезекті соққы ретінде бағаланып отыр.
