Украинадағы соғыстан кейін орыстың байшыкештерінің Батыс елдеріндегі дүние-мүліктері бірнен соң бірі бұғатталуда.
Осы жолы АҚШ Абрамовичке тиесілі Boeing 787-8 Dreamliner және Gulfstream G650ER деп аталатын екі ұшақты пайдалану құқығынан айырды.
АҚШ Әділет министрлігі қос ұшақ наурыз айында АҚШ-тан Ресейге жеткізіліп, АҚШ-тың орыстарға қарсы салған экспорттық шектеулерін бұзғанын анықтаған.
Құны 350 млн доллар тұратын Boeing ұшағын (дүниежүзіндегі ең қымбат ұшақ) Абрамович Дубайдан Ресейге алып қашқаны мәлім болды. АҚШ-тың федеральді бюросы Абрамович бұл ұшақтарға Кипр, Джерси мен Британияның Виргин аралдарында тіркелген компаниялары арқылы басқарғанын жария етті.
Бір қызығы АҚШ осыған дейін Абрамовичке қарсы санкция салмаған-ды. Оған қарасы ЕуроОдақ елдері шектеулер жасаған болатын. Айталық, Португалия билігі Абрамовичтің құны 10 млн еуро болатын үй-жайын сатуға шектеу қойған-ды.
Бүгінде Абрамович бастаған 20-ға жуық байшыкеш өздеріне салынған шектеулерге келіспей ЕуроОдақ елдерімен соттасып жатқаны белгілі.