Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Видеода өңір басшысы жанында әңгімелесіп келе жатқан ақсақалдың сөзін бөліп, жол жиегінде жатқан қоқысты көтеріп алғаны көрінеді. Осы сәт желі қолданушылары арасында түрлі пікір қайшылығын туғызған.
Кейбірі әкім тазалыққа мән беріп, үлгі көрсеткенін қолдаса, енді бірі үлкен кісінің сөзін бөліп кеткенін "әдепсіздік" деп бағалады.
Желіде жарияланған жазбалардың біріне қолданушылар "Қоқысты алып тастағаны дұрыс шығар. Бірақ қасында сөйлеп келе жатқан үлкен кісіге құрмет танытуы керек еді", "Ұят болды", "Әдепсіздік" деген пікір қалдырған.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан қаласы әкімінің көше тазалап жүрген әрекеті де әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.