АҚШ-тың Иранға жаңа соққыларынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

АҚШ-тың Иранға жаңа соққыларынан кейін мұнай бағасы қымбаттады
ЖИ: Dalanews.kz

АҚШ-тың Иран аумағына жасаған жаңа соққыларынан кейін әлемдік мұнай бағасы өсе бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нарықтағы негізгі алаңдаушылық Ормуз бұғазының тағдырына байланысты болып отыр. Инвесторлар әлемдегі ең маңызды мұнай тасымалы бағыттарының бірі саналатын бұғаздың толықтай ашық күйде қалатынына күмән келтіріп отыр.

Астана уақытымен сағат 10:30-дағы мәлімет бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 79,00 долларға жетіп, бағасы 1,26%-ға өсті. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың құны 1,31%-ға қымбаттап, бір баррелі 74,48 доллар болды.

Ең үлкен өсімді Таяу Шығыста өндірілетін Murban маркалы мұнай көрсетті. Оның бағасы бірден 6,67%-ға көтеріліп, бір баррелі 73,57 долларға жетті.

АҚШ әскери қолбасшылығы Иранға жасалған шабуылдардың мақсаты Ормуз бұғазының ашық күйде жұмыс істеуін қамтамасыз ету екенін мәлімдеп отыр. Алайда нарық бұл мәлімдемеге керісінше реакция танытып, мұнай бағасының өсуіне ықпал етті.