Әлемдік мұнай нарығында баға төмендеп жатыр. Инвесторлар Иран мен АҚШ арасындағы кезекті келіссөздерге және Ормуз бұғазы маңындағы ахуалға назар аударып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері Мәскеу уақытымен сағат 08:20-дағы жағдай бойынша барреліне 72,26 долларды құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттықтағы жабылу бағасынан 0,89 долларға (1,22%) төмен.
Бүгін Brent-тің тамыз айына арналған келісімшарттарының биржадағы айналым мерзімі аяқталады. Ал қыркүйек айындағы, белсенді саудаланатын фьючерстердің бағасы 0,45 долларға (0,61%) төмендеп, барреліне 73,46 доллар болды.
Сонымен қатар Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері де арзандады. Оның бағасы 0,67 долларға (0,95%) төмендеп, барреліне 70,08 доллар.