АҚШ билігі 60 ел мен экономиканың тауарларына 12,5% көлемінде қосымша импорттық баж салығын енгізетінін жариялады. Жаңа тариф 24 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Вашингтонның мәліметінше, аталған елдер «мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауарлардың импортына тыйым салу бойынша қажетті шараларды енгізбеген». Бұл тізімге Қазақстанмен қатар Алжир, Ангола, Аргентина, Аустралия, Бангладеш, Бразилия, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Жапония, Израиль, Ресей, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Швейцария, Тайвань, Таиланд, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және басқа да мемлекеттер енген.
Сонымен қатар АҚШ тағы алты экономиканың – Канада, Эквадор, Еуропалық Одақ, Индонезия, Мексика және Пәкістанның «мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауарларды импорттауға тыйым салу талаптарын тиімді орындай алмағанын» мәлімдеді.