Ақпарат министрі Балаеваның анасы дүниеден озды

Ақпарат министрі Балаеваның анасы дүниеден озды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы дүниеден озды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Раиса Жыланкөзова ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі болатын.

Қаралы хабарды Sputnik агенттігіне аталған министрліктегілер растады.

Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің ұжымы Раиса Рақымжанқызы Жыланкөзованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты министр Аида Балаеваның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, делінген хабарламада.