Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырып алды. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.
"Президенттің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың ПТР-тест сынамасы оң шыққанын және денсаулығына байланысты демалыста екенін растаймыз", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болған еді.